Тараз: Жастарға қамқорлық – елдің ертеңіне салынған инвестиция

Тараз: Жастарға қамқорлық – елдің ертеңіне салынған инвестиция

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы "Ар Рахман Ар Рахим" мешітінің имамы Амангелді Ембергенов "Нұр Мүбарак" университетінде білім алып жатқан шәкірттерге көмек көрсетті.

Жас буынға қолдау ретінде азық – түлік пакеттері таратылып, сонымен қатар жатақхана ақысы төленді. Бұл игі іс студенттердің оқуына деген ынтасын арттырып, ата – аналарының да жүгін жеңілдетті.

Алдағы уақытта да осындай қайырымдылық шаралары жалғасын табатыны айтылды. Жастарға жасалған бұл қолдау олардың білімге деген талпынысын күшейтіп, елдің болашағына сенімді қадам жасауға септігін тигізеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде: «Адам баласы дүниеден өткенде, үш нәрседен басқа барлық амалы тоқтайды: садақа жәрия, пайдалы ілім және артынан дұға қылатын салихалы ұрпақ» деген.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: