Тараз: Дін мен дәстүр ‑ ұлттың рухани тұтастығы

Тараз: Дін мен дәстүр ‑ ұлттың рухани тұтастығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы "Әбу – Бәкір Ас–Сыдық" мешітінде жамағатқа арналып арнайы уағыз өтті.

Шара барысында  ұстаз Сабыралы Мақсат «Дін мен дәстүр» тақырыбында сөз қозғап , ислам діні мен қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт – дәстүрлерінің өзара сабақтастығына кеңінен тоқталды. Ол ата – бабамыздың ізгі әдет – ғұрыптарының көпшілігі шариғатқа сай келетінін атап өтті.

Пайғамбырымыз (с.ғ.с ) хадисінде : «Мен ең көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім  » деген . Ұстаз осы хадисті мысалға алып, халқымыздың әдеп пен әдетке бай дәстүрлері діннің негіздерімен үндес екенін жеткізді.

Сонымен қатар, ұстаз жастарды үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, ысырапшылдықтан сақтануға, ата–ананың ақ батасын алуға шақырды. «Дәстүрін сыйлаған халықтың діні берік, ал дінін ардақтаған халықтың дәстүрі де сақталады» деген оймен жамағатқа терең өнеге қалдырды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: