Тараз: Діни білім – рухани азық

Тараз: Діни білім – рухани азық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы Жамбыл Жабайұлы мешітінде жамағатқа арнап фиқһтан дәріс өткізілді. Сабақты имам Бимолдин Талғат жүргізді. Дәріс барысында мұсылманның күнделікті құлшылықтары, намаздағы тазалық пен дұға әдебі, мұсылмандық әдеп секілді маңызды тақырыптар қамтылды.

Жиынға  қатысқандар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды, сондай‑ ақ ислам ғылымының мәні мен маңызын терең түсінуге мүмкіндік болды.

Сонымен қатар халық даналығында: «Оқыған озады, тоқыған тозады» деген нақыл бар. Дәл осындай дәрістер жамағаттың рухани кемелденуіне жол ашып, білімді ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосады.

Мешіт имамы алдағы уақытта да осындай танымдық сабақтар тұрақты түрде жалғасын табатынын атап өтті.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: