ДИҚАНШЫЛЫҚ – АТА КӘСІП

ДИҚАНШЫЛЫҚ – АТА КӘСІП

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде мал шаруашылығы ғана емес, жер емген диқаншылық та маңызды орын алған. Әсіресе, оңтүстік өңірлер мен өзен-көл маңында орналасқан ауылдарда ата-бабаларымыз сонау ерте заманнан-ақ егін егіп, дәнді дақылдар мен көкөністер өсірумен айналысқан. Диқаншылық — жай ғана кәсіп емес, ол — табандылықты, шыдамдылықты, еңбексүйгіштікті талап ететін еңбек түрі.

Жер жырту, тұқым себу, суару, арамшөппен күресу, өнім жинау — бұның бәрі үлкен маусымдық еңбекті қажет етеді. Бұл кәсіп — табиғатпен үндесіп, оның әр өзгерісін бақылап отыратын адамға ғана бағынады. Сондықтан да қазақ «Еңбек түбі — береке», «Жердің киесі бар» деп тегін айтпаған.

Қазіргі таңда диқаншылық заманауи техникамен, ғылыммен ұштасып, үлкен өндіріс саласына айналуда. Дегенмен, бұл салада да атадан қалған тәжірибе мен табиғи тәсілдердің орны бөлек. Мысалы, айдың фазасына қарап егін салу, табиғи тыңайтқыш пайдалану сияқты тәсілдер әлі де өз маңызын жоғалтқан жоқ.

Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде диқаншылықтың рөлі зор. Өзің еккен астықты орып, дастарханға тарту — нағыз ризыққа шүкірлік етудің көрінісі. Сол себепті, жастарды еңбекке баулу, диқаншылыққа үйрету — ұлт болашағы үшін маңызды.

Диқаншылық – тек кәсіп емес, адамды Аллаға жақындататын амал, сонымен бірге сауап жинайтын үлкен іс. Бір түйір дәнді егіп, тек Алладан   ғана үміттеніп, тәуекелге бел буған диқаншылар табиғатпен бетпе-бет келіп, Алланың құдіретін жүрекпен сезінеді. Өйткені егінші еңбек етіп, жер жыртып, дәнді еккенмен оны өсіретін – Алла. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) егін егіп, шөп шапқандардың Алланың сүйікті құлдары екенін айтқан.

Бүгінгі таңда диқаншылықпен айналысу күннен-күнге өркендеп дамуда. Бұрын тек тәжірибе арқылы қалыптасқан негізге сүйенетін диқаншылар бүгінде заманауи техналогияларды пайдаланып, эспортқа шығару  жолдарын меңгеруде. Диқан қауымы тек еңбек  етіп қана қоймай, оқып ізденетін кәсіпкер. Кәсібін дөңгелетіп игере білгенде ғана адамдар басқаларға көмектесіп, сауабы мол игі істер атқара алады. Диқаншылықпен айналысқан адам білім ала отырып, сабырлылықты, тәуекелге баруды және Жаратушының құдіретін сезінуді үйренеді.

Қорыта айтқанда, диқаншылықпен тапқан несібе — егіншінің маңдай тері мен адал еңбегінің жемісі. Бұл кәсіпті дамыту — елдің экономикасын көтеру, ұлттың тамырын тереңдету деген сөз.

Жамбыл облысы Байзақ ауданы

  Аққия ауылы «Аққия» мешітінің имамы

           Кенбаев Ахмет Жетпісбайұлы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active