Исламдағы әйел кісінің үш мәртебесі

Исламдағы әйел кісінің үш мәртебесі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қыз мәртебесі

Әбу Һурайра (Алла одан разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімнің үйінде қыз бар болса, ол үйге күн сайын көктен он екі береке түседі. Ол үйге періштелер тынбай (үздіксіз) келіп тұрады. Әрбір күн, әрбір түн сайын олар (сол қыздың) ата-анасына бір жылдық құлшылықпен тең сауап жазып отырады» – деген (Әбу Һурайра).

Әйел мәртебесі

Ардақты Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әйел – ер кісінің екінші жартысы» деген.  

Алла Тағала әйел баласын өте нәзік әрі әлсіз етіп жаратты. Оған табиғи рең беріп, көркемдеді. Толағай-тағдырдың салмағын нәзік жүрегімен көтере білсін деп оның тұла бойын төзімді етіп жаратты. Дүниеге адам әкелуді, әр ауыртпалықты жеңсін деп Алла Тағала оған мықты қажыр берді. Ерінің иманының толығуына, нағыз ер болып қалыптасуына әсер ететін де осы әйел. Омар ибн Хаттабтың (р.а.) риуаятында Алла Елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Иманды әйел – қайырлы іс жасамайтын 1000 еркектен де қайырлы» деген.

Ана мәртебесі 

Исламда «Жәннат – аналардың табанының астында» деп ананың тұлғасын ерекше ұлықталған. Пайғамбарымызға (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір адам келіп: «Уа, Алланың Елшісі, кімге жақсылық жасайын?», – деп сұрайды. Пайғамбарымыз: «Анаңа», – деп жауап береді. Әлгі адам екінші рет: «Одан кейін кімге жасайын?», – дегенде, – «Анаңа» деген жауап алады. Әлгі адам тағы: «Одан кейін кімге жақсылық жасайын?», – дегенде Пайғамбарымыз үшінші ретте де «Анаңа», – деп жауап береді. Тек төртінші рет тағы да «Одан кейін кімге?», – деп қайталағанда, Пайғамбарымыз: «Әкеңе», – дейді. Бұл хадис Исламда ананың мәртебесі үш есеге жоғары екенін көркем түрде жеткізген.

Ана болу – әйел адамның бақыты. Ананың жауапкершілігі де қиындығы да көп. Сондықтан, Алла Тағала анаға сондай мол сауап береді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active