Қадірлі ұстаздар қауымы, ардақты ата-аналар мен жас өрендер!
Сіздерді жаңа оқу жылының басталуымен және 1 қыркүйек – Білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Білім – адамзаттың шамшырағы, ұлттың рухани тірегі. Қасиетті Құран Кәрімнің алғашқы аятының «Оқы!» деп түсуі де ілімнің асқан маңызын айқындайды. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) «Білім іздеу – әрбір мұсылманға парыз» деп, білім алудың мәртебесін айрықша атап өткен.
Бүгін мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге жолдары ашық болып, ізгі іліммен сусындап, елдің ертеңіне қызмет ететін абыройлы азаматтар болып өсулерін тілеймін. Ұстаздар қауымына – сарқылмас шыдамдылық пен шәкірт тәрбиесіндегі табыс, ата-аналарға – перзенттерінің білім жолындағы қадамына қуаныш пен мерей тілеймін.
Жаңа оқу жылы баршамызға берекелі де жемісті болсын! Алған білімдеріңіз елге де, дінге де қызмет ететін қайырлы ілімге айналғай!
Ізгі ниетпен,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
Жамбыл облысы бойынша бас имамы
Асқар Зәкіржанұлы