Бір күні мен намазда шайқалып тұрғанымды көрген Абу Бакр (родиял-лаху ъанһу) маған зекіп берді. Мен оның зекігенінен намазымды бұзғанға жақын болдым. Кейін ол: «Мен Расулуллахтың (с.ғ.с.): «Сендердің бірің намазға тұрған уақытта яһудилер тәрізді шайқалып тұрушы болмаңдар! Себебі артық әрекет етпеу - намаз толық болганның белгісі», деп айтқанын естідім», - деді». Хадисті Айша анамыздың (родиял-лаһу анһа) анасы Умму Руман (родиял-лаһу анһа) риуаят етті.
Намазда артық әрекет етпей тұру жайында көп хадисте айтылган. Ілгеріде Нәбидің (с.ғ.с.) Жәбрәилді (ғ.с.) күту себебінен аспанға қарайтын әдеті болатын. Ал, адам әрдайым бірдеңені күткен тарапқа қарайды. Осы себептен Расулуллаh (с.ғ.с.) намазда тұрған уақытта да аспанға қарайтын еді. Кейін «Әл-Мүминун» сүресінің бастапқы екі аяты түсірілгеннен кейі, Расулуллаh (с.ғ.с.) намазда көзін төмен ұстайтын болды.
قَدْ أَفْلَحَ الْمُؤْمِنُونَ الَّذِينَ هُمْ فِي صَلَاَتِهِمْ خَاشعُونَ
«Намаздардын шынайы түрде бойсұнған халде оқыған мүминдер жетістікке қол жеткізді».
Сахабалар (родиял-лаһу ъанһум) жайында да олардың (родиял-лаһу ъанһум) бастапқыда намазда көздерін жан-жаққа жүгіртетін әдеттері болатыны жайында айтылған. Кейін осы аят түсірілгеннен кейін, олар да (родиял-лаһу ъанһум) намазда көзді төмен ұстайтын болды.
Абдуллаһ ибн Омар (родиял-лаһу ъанһу) жоғарыдағы аяттарға түсініктеме беріп: «Сахабалар (родиял-лаһу ъанһум) намазға тұрғанда жан-жаққа қарамайтын. Олар (родиял-лаһу ъанһум) намазда көздерін бас сәждеде тиетін орнында ұстап, жан-тәнімен Хақ Тағалаға беріліп тұратын », - деген.
Біреу Әлиден (родиял-лаһу ъанһу) хушуъ, яғни Алла Тағаладан қорқу сезімі жайында сұрағанда, ол (родиял-лаһу ъанһу): «Хушуъ жүректе болады. Намазда ешнәрсеге көңіл бөлмей тұру да соған жатады», - деген.
Ибн Аббас (родиял-лаһу ъанһу) айтады: « Намазда бойсұнып тұрушылар, ол – намазда Хақ Тағаладан қорқып, артық әрекет істемей тұрғандар».
Абу Бакр (родиял-лаһу ъанһу): «Бір күні Расуллуллаһ (с.ғ.с): « Жалған хушуътан Хақ Тағаладан пана тілеңдер!», - деді. Біз: «Жалған хушуъ деген не?», - деп сұрағанымызда, Ол (с.ғ.с): «Сырт көзге қорыққандай болып көрінгенімен, іштей қорықпай тұру», - деп жауап берді, - десе, Әбу Дарда (родиял-лаһу ъанһу) осыған ұқсас хадисте Расулуллаһ (с.ғ.с): «Жалған хушуъ - сырт көзге қорыққандай болып көрінгенімен, жүректе қорқыныштың болмауы», - деген.
Бір күні Расулуллаһ (с.ғ.с) намазда сақалымен ойнап тұрған адамды көріп: Егер оның жүрегінде Алла Тағаладан деген қорқыныш болса еді, оның денесінің барлық мүшесі қыймылдамай тұрар еді, - деген.
Қатада (родияллаһ-лаһу ъанһу) бұган қатысты: «Жүректегі қорқыныш – Хақ Тағаладан қорқу және көзді төмен қарату» - деген.
Бір күні Расулуллаһ (с.ғ.с.) намазда сақалымен ойнап тұрған адамды көріп: «Егер оның жүрегінде Алла Тағаладан деген қорқыныш болса еді, оның денесінің барлық мүшесі қимылдамай тұрар еді», - деген.
Айша анамыз (родиял-лаһу ъанһу) Расулуллаһтан (с.ғ.с) намазда тұрып жан-жакқа көз жүгірту жайында сұрағанда, Ол (с.ғ.с); «Ол шайтан намаздың бір нәрсесін әкетіп жатқаны», - деді.
Бір күні Расулуллаһ (с.ғ.с.) намазда тұрып көзді жоғары қаратуға қатысты: «Намазда тұрып көзін жоғары қарататын әдеті барлар, қөздері сол қалыпта қалып қалмасын десе, ол әдетін қойсын», -деген.
Көп хадисте Расулуллаһтың (с.ғ.с): «Намазды өміріңде соңғы намазды оқып жатқандай күйде оқы », - деген сөзі баян етілген.
Осы себептен намаздарыңды: «Осыдан соң маған намаз оқу мүмкіндігі берілмейді», - деген адамға ұқсап оқыңдар!
Атанбаев Нурсултан Сатжанулы
Аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы