Тараз қаласындағы «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінде ұстаз Зора Айдарованың жетекшілігімен әйелдер секторында тәджуид ережелерінен сынақ ұйымдастырылды. Бұл шара қатысушылардың Құранды дұрыс оқуға деген ынтасын арттырып, білімдерін тереңдетуге сеп болды.
Іс-шара барысында шәкірттер Құран оқуындағы ережелерді тәжірибеде қолдану арқылы өз дайындықтарын сынап көрді. Бұл олардың діни білімге деген құштарлығын арттырып, рухани дамуына серпін берді.
Сахих әл-Бухариде келген хадисте: «Кім Құранды дұрыс оқыса, қос сауап алады» – делінген. Осы хадис тәджуид ережелерін сақтаудың, қасиетті Құранды әдемі әрі дұрыс оқуға ұмтылудың маңызын тағы бір мәрте айқындай түсті.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.



04 Ақпан 2026
16 Шаабан 1447

