Күндердің сұлтаны қасиетті жұма күні Сарысу ауданына жаңа бас имам тағайындалды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жамағат алдында осы уақытқа дейін ауданда бас имамдық қызметін атқарған Айбек Аманкелдіұлына алғысын білдіріп, иығына шапан жауып құрмет көрсетті. Сонымен қатар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, жаңа имамды таныстырды.
Бұйрыққа сәйкес, Ғалымжан Қабылбекұлы Қонақбаев Сарысу аудандық мешітінің бас имамы болып тағайындалды. Бұған дейін ол Жуалы ауданы, «Толыбайәтті Зиябек» мешітінің бас имамы қызметін атқарған.
Ғалымжан имам бірнеше жылдар бойы Сарысу ауданында бас имам болып қызмет еткен болатын. Жамағат оны жылы қарсы алып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі