Байзақ: АДАЛ КӘСІПТІҢ НӘСІБІ МОЛ

Байзақ: АДАЛ КӘСІПТІҢ НӘСІБІ МОЛ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Жамбыл облысы Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Түймекент ауылдық «Түймекент» мешітінің жастарымен кездесіп, «Адал еңбектің берекеті» тақырыбында насихат айтты.

 Бас имам насихатында: «Халал – бұл денсаулық, дұрыс тамақтану, экологиялық таза өнім, жоғарғы сапа, сенім, адал еңбекпен келген ризық. Көпшіліктің түсінігінде халал – тек азық-түлікке қатысты діни концепция ретінде қалыптасқан. Шын мәнінде, халал – ең алдымен адал ризық табудан басталады. Кімде-кім бала-шағасын, отбасын адал жолмен ризықтандыруды қаласа, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Құлшылық он бөліктен, ол он бөліктің тоғызы халал ризық-несібе табудан тұрады» деген хадисіне сай амал еткені жөн. Адал еңбектің нәтижесі – адал ас табу, ішіп-жейтін нәрселердің діни тұрғыдан халал, таза болуы. Бұл жөнінде қазақтың ұлы ойшылы Абай да:

Адамзат тірілікті дәулет білмек,

Ақыл таппақ, мал таппақ, адал жүрмек.

Екеуінің бірі жоқ, ауыл кезіп,

Не қорлық құр қылжаңмен күн өткізбек? – деп, есті құлақ болса еститіндей, ойлы сана болса ойланатындай етіп адал еңбек ете алмаған адамның күні құр қорлық екенін жеткізген», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: