Республикалық «Мектепке жол» науқаны аясында, көп балалы отбасынан шыққан 173 балаға сабаққа қажетті оқу құралдары жинақталған сөмкелер табыс етілді.
Байзақ аудандық мешітінің ұйымдастыруымен өткен ізгі шараның мақсаты – балаларды жаңа оқу жылына әзірлеуде ата-аналарға қолғабыс болу. «Мектепке жол» науқаны әлеуметтік жағынан қамқорлықты қажет ететін отбасыларға көмек қолын созу. Біздің мешіттеріміз бұл акцияға үнемі үлес қосып келеді» дейді Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы. Жалпы қайырымдылыққа 1 730 000 қаражат жұмсалды.