БАЙЗАҚ: ЖЕТІБАЙ ХАЛҚЫ РУХАНИ КЕШТІҢ КУӘСІ БОЛДЫ

БАЙЗАҚ: ЖЕТІБАЙ ХАЛҚЫ РУХАНИ КЕШТІҢ КУӘСІ БОЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ ауданы Жалғызтөбе ауылдық округі Жетібай ауылдық мәдениет үйінде дәстүр құндылықтарын насихаттау мақсатында рухани кеш өтті.

         Рухани кешке Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы, Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы және республикалық ақындар айтысының жүлдегері Әсет Дүйсебаев қатысты.

         Шара барысында аудан бас имамы Қанат Әділханұлы «Қазақта «Тәрбие – тал бесіктен» деген сөз бар. Мұның өзі ұрпақ тәрбиесіне ерте кезден ден қоюды білдіреді. Дегенмен, қасиетті аяттар мен хадис шәрифтерде ұрпақ тәрбиесінің тым әріден – үйленбестен бұрын болашақ балаларына жақсы ана, өзіне жақсы жар болатын әйел затын таңдаудан басталатындығы айтылады.

Омардың (р.а.) халифалығы кезінде бір адам оған ұлын ерте келіп: «Ей, мұсылмандардың әміршісі. Мынау – менің ұлым. Өзіме қарсы шығып, жапа шектірді», – деп шағымданады. Сонда Омар (р.а.) балаға қарап: «Құдайдан қорықпайсың ба? Баланың ата-анасына қарсы шыққанын қайдан көрдің? Ата-ананың ақысын білмеуші ме едің бе?» – деп зекиді. Бала еш қаймықпай: «Әміршім, айтып тұрғаныңыз әке-шешенің ақысы. Ал баланың ақысы жоқ па?» – деп сұрайды. Омар (р.а.): «Иә, ата-анада баланың да ақысы бар. Ең әуелі үйленерде баласына ана болатын жақсы жар таңдауы тиіс. Тәрбиесіз қызға үйленсе, болашақта туатын балаға қиянат жасаған болады. Ал баласы туғанда оған жақсы ат қоюы керек. Сосын ес білгенде оған Алланың кітабы – Құранды үйретуі керек», – деп санап береді.

Мұны естіген бала: «Уа, мұсылмандардың әміршісі! Әкем жоғарыдағы айтқандарыңыздың ешбірін орындаған жоқ. Біріншіден, менің анамды құл базарынан сатып алған. Оның өткен өмірі белгісіз. Екіншіден, маған қара қоңыз деген мағына білдіретін «Жуал» деген нақұрыс ат қойған. Үшіншіден, Құраннан бір әріп те үйретпеді», – деп зарлап қоя бергенде Омар (р.а.) баланың әкесіне бұрылып: «Балаңның қиянат жасағанын айтып шағымданасың. Негізінде, сен оған қиянат жасағансың. Бұл қателік алдымен өзіңнен кеткен. Енді амал жоқ. Бар, жолыңды тап», – деп шығарып салады. Сондықтан да ізгі ұрпақ болуын қалаған жан ең әуелі балаға жақсы ана таңдауы, сосын жақсы есім қоюы, жақсы тәрбие беруі керек», - деп жиналған көпшілікке «Тәрбие тал бесіктен басталады» тақырыбында насихат айтты.

Республикалық ақындар айтысының жүлдегері «Тәбеге кел» т.б. қазақ дәстүріне қатысты терме, ән айтып жиналған көпшіліктің алғысын алды.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: