Аудандық "Бәйдібек" мешітінің бас имамы Даурен Куттыбаев келген жамағатқа "Дін мен дәстүр" тақырыбында насихат айтты. Дәстүрге қарасақ арғы жағы, негізін дін құрап тұрғандығы ортаға шығады.
Өйткені бабаларымыз дінді дәстүрге енгізіп, өзінің өмірлік ұстанымы ретінде қалыптастырған. Бала туылғаннан азан айтып, қайтыс болған кісіге жаназа шығарып, жасы жеткен ұл баланы сүндетке отырғызып, қыз баланы жасы келгенде неке қиып шығарып салуы және т.б. негізін дін құрап тұрғандығы айтылды.