Қаракемер ауылы, "Қаракемер" мешітінің имамы Дәулет Жансақалов келген жамағатқа "Құдайы астарда ысырап жасамау" тақырыбында уағыз айтты. Қаншама уақыт Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасымен имам-молдалар ысырап қылмауға, аста-төк дастархан жаю дұрыс емес, қазақи дәстүрге де сәйкес емес іс-әрекеттер екендігі түсіндірілді.
Ел арасында дастархан байлығымен жарысу, несие алып астар беру дұрыс емес екендігі, сауап жинаймыз деп күнә арқалап қалмау айтылды.