Аудандық "Бәйдібек" мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев келген жамағатқа "Адал еңбек еткенің, Алла жолында жүргенің" тақырыбында насихат жұмыстары жүргізілді.
Адалдықтың екі дүниеге де пайдасы мен Алланың берген берекеті сөзге тиек етілді. Адал болу арқылы өзінің ұрпағына да оң ықпалын тигізері анық екендігі айтылды. Адалдық жақсылыққа, жәннатқа жетелесе, арамдық күнә мен тозаққа жетелейтіндігі түсіндірілді.