Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы Сейтқали Абдықадыр Қордай ауданы дін қызметкерлеріне пәтуа сағатын жүргізді. Білікті ұстаз имамдарға ҚМДБ ның пәтуалар жинағы кітабын таныстырды. Пәтуа беруші Алла атынан мөр басушы орнында болғаны себепті қойылған сұрақтарға аса мән беріп, байыптылықпен жауап беру керектігін түсіндірді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жқұмыс бағыттарының бірі-қоғамдағы өзекті діни мәселелердің шариғат тұрғысынан үкімін айтып, пәтуасын шығару. Осы ретте қоғамға қажетті ортақ мәселелердің шариғи шешімін табу мақсатында елімізде «Ғұламалар кеңесі» құрылды. Кеңес Ислам негіздеріне сүйене отырып, қоғам өмірінде мұсылмандық ұстанымға қатысты туындап отырған көкейкесті мәселелерді талқылап, дер кезінде шешімдер шығарып, пәтуалар мен концептуалды құжаттар қабылдайды.
Еліміздің ел басылары мен дін басыларына қажыр-қайрат пен зор денсаулық берсін!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қыметі