«Ислам және отбасы құндылықтары жылы» аясында Шу ауданында маңызды шаралар жалғасуда. «Жәми» мешітінде жас отбасыларға арналған тағылымды семинар ұйымдастырылды.
Жас шаңырақ көтерген ерлі-зайыптыларға отбасы құндылықтарын сақтау, бір-бірін сыйлау және құрметтеу жайында кеңестер берілді. Сонымен қатар, Исламдағы ер мен әйелдің орны, олардың өзара сыйластығы мен жауапкершілігі кеңінен түсіндірілді.
Семинардың басты мақсаты – жас жұбайларға дұрыс бағыт-бағдар беру, отбасылық қарым-қатынасты нығайту және қоғамдағы тұрақты әрі берекелі шаңырақтарды қалыптастыру болды. Шара соңында жастар өз алғыстарын білдіріп, бас имам ақ батасын берді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.