Талас: “Адал еңбек еткенің - Алла жолында жүргенің”

Талас: “Адал еңбек еткенің - Алла жолында жүргенің”

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Дін мен дәстүр бағыты аясында “Адал еңбек еткенің - Алла жолында жүргенің” атты іс-шара ұйымдастырылды. "Әбдібай ата" мешітінің имамы Асқарбек Серікұлы жамағатқа «Адал еңбек еткенің — Алла жолында жүргенің» атты іс-шара барысында адал еңбек пен оның рухани маңызы туралы насихат айтты.

Асқарбек Серікұлы өз уағызында, еңбек ету - бұл тек физикалық жұмыс немесе күнкөріс үшін ғана емес, сонымен қатар адамның рухани тазалығы мен Алла алдындағы жауапкершілігі екенін ерекше атап өтті.

Асқарбек имам: “Адал еңбек - Алланың разылығын табу жолы. Егер біз өз еңбегімізді адалдықпен атқарсақ, ол тек дүние емес, ақыретте де үлкен сауап әкеледі”, - деп сөзін қорытындылады. Жиын соңында жамағат сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісіп, адал еңбек туралы көзқарастары мен тәжірибелерімен бөлісті.

"Әбдібай ата" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: