Тамды ауылы "Тәңкібай ата" мешітінің имамы Нұрбол Мырзаханұлы ауылдық кітапханада дін мен дәстүр бағыты аясында “Әке — отбасы тірегі” атты іс-шара ұйымдастырды.
Бұл шараның мақсаты — отбасындағы әкенің рөлін, оның жауапкершілігін және отбасылық тәрбиедегі маңыздылығын түсіндіру болды. Имам Нұрбол Мырзаханұлы әкенің отбасыдағы рухани және материалдық жауапкершілігін, оның балаларға тәрбие берудегі рөлін және исламдағы әкенің орны туралы айтты.
Әке — отбасының қамқоршысы, рухани жетекшісі және әлеуметтік тәрбиешісі екендігін атап өтіп, оның дұрыс тәрбие беру арқылы ұрпақтың бойына адамгершілік құндылықтарын қалыптастыратынын айтты. Шараға қатысушылар бір-бірінен үйреніп, бұл маңызды тақырып бойынша пікір алмасып, отбасында тәрбие мен жауапкершіліктің дұрыс бөлінуінің қажеттілігі жөнінде сөз қозғады.
"Тәңкібай ата" мешітінің баспасөз қызметі.