"Тұңғатар ата" мешітінің имамы Абатов Дәуреннің ұйымдастыруымен мешіт алдына “Дін мен дәстүр”тақырыбын насихаттайтын баннер ілінді.
Дәурен имам сөз алып, аталмыш баннерде қазақ халқының дәстүрлі дін мен мәдениетке негізделген құндылықтары көрсетіліп, ислам мен ұлттық дәстүрлердің бірлігін насихаттайтын ақпараттар орналастырылды.
Бұл шараның басты мақсаты — халықтың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі исламның мән-маңызын түсіндіру және ұлттың рухани байлығын сақтау деп сөзін түйіндеді.
"Тұңғатар ата" мешітінің баспасөз қызметі