"Байтоқты баба" мешітінің имамы Оспанов Бақдәулет дін мен дәстүр аясында қазақтың садақ ату өнері туралы жамағатқа насихат айтып, бұл көне өнердің қазақ халқының тарихындағы маңыздылығын түсіндірді.
Садақ ату — қазақтың мәдениетінің, рухани байлығының бір бөлшегі екенін атап өтіп, имам бұл өнердің жастар арасында кеңінен таралуы үшін мешіттерде арнайы жаттығулар мен сабақтар өткізуді ұсынды.
Жиын соңында имам жамағатқа садақ ату өнерінің тек физикалық қабілеттілікті арттырып қана қоймай, адамды мықты рухани тұрғыдан да жетілдіретінін жеткізді. Ол жастарды осы ұлттық мұраны сақтап, әрі қарай дамытуға шақырды.
"Байтоқты баба" мешітінің баспасөз қызметі