Меркі: Мешіт жамағатына «Дін мен дәстүрдің қоғамдағы орны» тақырыбында насихат айтылды

Меркі: Мешіт жамағатына «Дін мен дәстүрдің қоғамдағы орны» тақырыбында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Жүніс молда» мешітінде жамағатқа «Дін мен дәстүрдің қоғамдағы орны» тақырыбында тағылымды насихат жүргізілді. Шараның мақсаты – халықтың рухани және мәдени құндылықтарының мәнін түсіндіру, дін мен дәстүрдің үйлесімін насихаттау болды.

Насихат барысында ұстазЕламан Бақытханұлы діннің – адам өміріне бағыт-бағдар беретін, ізгілікке жетелейтін жүйе екенін, ал дәстүрдің – ұлттың болмысын сақтайтын, ата-бабадан қалған асыл мұра екенін атап өтті. Ол қазақтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерінің көпшілігі ислам қағидаларымен үйлесетінін, мысалы, қонақжайлық, сәлемдесу, үлкенге құрмет көрсету сияқты қасиеттердің дінде де ерекше орын алатынын түсіндірді.

Сонымен қатар, жаһандану заманында дәстүр мен діннің мәнін төмендетпеу, оны келер ұрпаққа дұрыс жеткізу – әрбір мұсылманның міндеті екені айтылды. Имам жамағатты өз отбасында, күнделікті өмірде дәстүрлі құндылықтарды ұстануға, исламның әдеп ережелерін сақтауға шақырды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: