ЖАМБЫЛДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ӘДІЛ ҚОҒАМ» ФОРУМЫ ӨТТІ

ЖАМБЫЛДА «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ӘДІЛ ҚОҒАМ» ФОРУМЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысында қоғам тұрақтылығы мен ел бірлігін сақтау мақсатында «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ӘДІЛ ҚОҒАМ» атты мазмұнды форум ұйымдастырылды. Ауқымды шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы бастаған аудан имамдары, облыстық ішкі істер басқармасының, прокуратураның, әкімдік өкілдері және өңірдегі ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Форум аясында Бас имам «Дін – ұстай алсаң қасиет, ұстай алмасаң қасірет» тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, қоғамда діннің алатын орны мен қазіргі күрделі мәселелер жөнінде сөз қозғады. Ол өз баяндамасында имамдардың атқарып жатқан істерінің – ел ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың тірегі екенін атап өтті. Сонымен қатар, «Арақсыз ауыл» сынды бастамалардың маңыздылығына тоқталып, бұл бағытта мешіт имамдары мен ауыл ақсақалдарының бірлесіп жұмыс істеуінің қажеттігін баса айтты.

Асқар Зәкіржанұлы бүгінгі қоғамда рухани тәрбие мен заң үстемдігі қатар жүруі тиіс екенін алға тартып, әділдік пен тыныштық – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі екенін жеткізді.

Форум барысында қатысушылар да өз пікірлерін білдіріп, заң мен дін үндестігі арқылы әділетті қоғам қалыптастырудың жолдарын ортаға салды. Көпшіліктің ортақ тілегі – татулық пен тұрақтылықты сақтау.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: