Меркі: Асық атудан жарыс өтті

Меркі: Асық атудан жарыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Асық ату – ұлттық ойындардың бірі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жетіп келе жатқан дәстүрлі спорт түрі. Бұл ойын тек қана ерлік пен ептілікті талап етпей, сонымен қатар ойыншылардың зеректігі мен жылдамдығын да сынайды. Соңғы жылдары асық атуға деген қызығушылық артып, жарыстар жиі өткізіліп жүр. 

Осы орайда Меркі ауданына қарасты «Андас батыр», «Әл-бақи» мешіттерінде асық ату жарысы өткізілді.

Мешіттерде өткізілетін асық ату жарыстары балалардың рухани-мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын оятады. Жарыс кезінде шәкіттер: асықты дәл межеге тастау, әдіс-тәсілдерді ұтымды пайдалану, бәсекелестеріне құрметпен қарау  сияқты іскерліктерді үйренеді. 

Сайыс нәтижесі бойынша дәлдігімен алға шығып, топ жарған шәкірттерге ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: