Ислам және отбасы құндылықтары жылы аясында ел аумағында түрлі тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылуда. Соның бірі Шу ауданының “Бірлікүстем” мешітінде өтті. Мешіттің имамы Әлімбек Жетпісбай бастамасымен “Әке – отбасы тірегі” атты кездесу өткізілді.
Ауылдың кітапханасында өткен бұл жиынға балабақша тәрбиешілері, мәдениет үйі қызметкерлері, медпункт пен әкімдік өкілдері қатысты. Кездесудің басты мақсаты – балалар тәрбиесі, отбасындағы әке рөлі, және оқыс оқиғалардың алдын алу туралы маңызды мәліметтермен бөлісу болды.
Жиналған қауым кездесуден көптеген пайдалы ақпарат алып, алғыстарын білдірді. Мұндай тәрбиелік мәні зор жиындар ауыл тұрғындарына рухани серпін беріп, қоғамдағы жауапкершілікті тереңірек сезінуге сеп болады.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.


27 Қазан 2025
5 Джумада-авваль 1447

