Мойынқұм ауданына қарасты Қылышбай ауылдық "Рәтқұл ата" мешітінде жамағат арасында шахмат ойынынан өзара жарыс өтті. Жарыс "Рәтқұл ата" мешітінің молдасы Жайлаубеков Алихан ақсақалдың ұйымдастыруымен іске асты.
Шахмат қозғалысты көп қажет етпей тек ақыл ойды ортаға салатын ойын түріне жататын болғандықтан, бір сәт ақыл шәйірін шыңдау мақсатында осы бір жарысты жамағат арасында өткізуді жөн көрді. Алла қаласа алдағы уақыттарда өзгеде спорт түрлерімен жарыстар өтіп тұрмақ.
Мойынқұм тілшісі.


27 Қазан 2025
5 Джумада-авваль 1447

