#Шу: “Рақыш ата” мешітінде аудан имамы насихат жүргізді

#Шу: “Рақыш ата” мешітінде аудан имамы насихат жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ислам және отбасы құндылықтары жылы аясында Шу ауданының бас имамы Алмас Кенжемолдаев Көктөбе ауылындағы “Рақыш ата” мешітінде жамағатпен жүздесіп, өнегелі кездесу өткізді.

Кездесу барысында имам «Дін мен дәстүр» кітабы негізінде ұрпақ тәрбиесі, отбасылық тәрбие, және ұлттық құндылықтар жайлы терең насихат айтты. Жиналған жамағатқа Ислам дінінің тәрбиелік мәні мен дәстүрмен астасқан қағидалары түсіндірілді.

Жиналған көпшілік имамға алғыстарын айтып, үлкен ой алғандарын жеткізді.

Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: