Жуалы ауданы, Теріс ауылдық «Мырзахмет ата» мешітіне Тараз қаласының бас имамы Ержан қажы Аманбаев арнайы келді.
Ержан Маханұлын мешіт имамы Мұсағалиұлы Бауыржан жамағаттарымен таныстырып өтті. Алланың құлшылық үйіне жиналған қауымға ақшам намазынан кейін «Ықылас» және «Ниет» аясында ауқымды уағыз насихат жүргізді.
Берекелі іс-шара аясында мешітте жамағатқа арнап, дастархан жайылды. Сонымен қатар көпшіліктің тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берілді.
Жуалы аудандық мешітінің баспасөз қызметі.



27 Қазан 2025
5 Джумада-авваль 1447

