Байзақ: КӨРІКТІ КӨКТАЛДАҒЫ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

Байзақ: КӨРІКТІ КӨКТАЛДАҒЫ КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы Көктал ауылдық мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесіп, «Жат ағымнан сақтану жолдары» тақырыбында насихат айтты.

         Бақытбек Бауыржанұлы өз сөзінде: ««Жау жоқ деме, жар астында», демекші, жер бетінде қауіп-қатер көбейіп тұрған кезеңде сақтанбасқа және сақтандырмауға болмайды. Ата діні туралы сауаты болмай жат ағымдардың жетегіне еріп кеткен жастарды, теріс пиғылдылардан арашалағаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда тиімді екені анық.

Жат ағым жас ұрпақты құрдымға жетелейді. Себебі олардың ұстанымы халқымыздың сан ғасырлық діни сеніміне, таным-түсінігіне, өнері мен салт-дәстүріне мүлде қарама-қайшы. Ең қатерлісі, осы кереғар ағымдардың, деструктивті топтардың үгіт-насихаты. Сол себепті де жастарымыз ғаламтордағы діни ақпараттың анық-қанығына көз жеткізу үшін ҚМДБ-ның өкілдеріне, жергілікті мешіт имамдарына жүгінгені жөн. Шындығында жат ағымдар жас буынды Әбу Ханифа мазһабынан ажыратып, ұлттық болмысымызды күйретуді көздейді.

Қазақстан – зайырлы мемлекет. Сондықтан әркімнің діни бостандығына еркіндік береді. Алайда, жастардың жат ағымның жетегіне кетуіне негізгі фактор болатын әлеуметтік желілердегі радикалды ағымдардың үгіт-насихаттарына құзырлы органдар тыйым салады.

Қазіргі таңда біздің қоғамдағы Ислам атын жамылған ең үлкен қайшылық уахабилік-сәләфилік бағытты ұстанушыларға қатысты болып отыр. Олардың өздерінің теріс те зиянды пікір-тұжырымдарын айналасындағыларға уағыздаулары жасырын емес. Мұндай теріс әрі зияны мол амал-әрекеттердің алдыналудың жолы, олардан сақтану жолы – ол білім. «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ» дегендей, дәстүрлі Исламды яғни Исламдағы Ханафи бағытында сауатымызды ашып, ізденуіміз керек. Сонымен қатар, жауабы табылмаған діни сұрақтар болған жағдайда, білікті теолог (дінтанушы) мамандардан, медресе ұстаздарынан сұраған жөн. Қазір, елімізде діни сауат аламын деушілерге бар мүмкіншіліктер жасалған. Білікті мамандарымыз, ұстаздарымыз да жеткілікті. Сізден тек ниет және әрекет керек», - деді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: