Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы неке қидырған жас жұбайларға «Ынтымағы жарасқан жанұя» тақырыбында уағыз айтты. Бас имам насихатында: «Жанұяға жақсы қарау – ізгіліктің бастауы. Аптаның кем дегенде бір күнін отбасына арнаған абзал. Өйткені, баламен сұхбаттасу, онымен ойнау, жарыңмен сырласу, баланың болашағына қатысты жұмыстарды жоспарлау, т.б. амалдар шаңырақтың шырайын кіргізіп, берекесін арттырады. Жұмысбастылық отбасылық жоспардан үстем болмауы тиіс. Өйткені, жанұя – бәрінен биік тұратын құндылық.
Мұхаммед пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Сендердің ең ардақтыларың − жарлары мен балаларына жақсы қарағандарың. Араларыңда жанұясына ең жақсы қарайтын менмін» – деген. Үй шаруаларына көмектесу, баланың сабағына араласу, отбасы мүшелеріне сыйлық беру, жанұямен саяхаттау, т.б. амалдар сүйіспеншілік пен бауырмалдықты арттырады,- деп, кеңінен баяндап өтті.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі