Ислами тәрбие – шариғат қағидаларына лайық түрде адам пікірінің дамуы, іс - әрекеті мен мінездің кемелденуі, сондай - ақ, дүние мен ақыретте бақытқа жететін нағыз адамды тәрбиелеу өнері деп айтылады.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, «Рахман» мешітінде «Әжелер бөлмесі» ашылды. Ашылу салтанатына аудан ұстаздары мен әжелер алқасы мүшелері, шәкірттермен қатысты.
Шашу шашылып, бата жасаған аналар, жақсы тілектерін жаудырды. Әжелер бөлмесі дастарқанына жиналған жамағат ұлттық дастарқаннан ауыз тиіп, дұға жасады. Жақсылыққа жайылған дастарқанымыз көп болсын және ол дастарқаннан тек ізгі құлдар ас ішсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі