Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы ауыл имам-молдаларына арнап білімін жетілдіру курсын өткізді. Курсқа ауыл имамдары, молдалары және азаншылары 2 апта бойы қатысып, Құраннан, хадистен және ислам ғибадаты пәндерінен дәріс алды.
Құран сабағында шәмс сүресінен нәс сүресіне дейін жаттады. Хадис сабағында исламдағы 5 парызға арналған 40 хадисті жаттап тапсырды. Ал, ислам ғибадаты сабағында арнайы оқулық бойынша фиқһи сұрақ-жауаптарды оқып, білімдерін шыңдады. Алдағы уақытта 3 пән бойынша емтихан тапсырып, сертификатқа ие болады.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі