Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы ауыл имамдарын жинап, «Дін мен дәстүр» тақырыбында семинар өткізді. Семинарда дін мен дәстүр кітабының 3-ші томын таныстырып, кітапта дәстүрге қатысты қамтылған тақырыптарды насихаттауды тапсырды.
Дін – дәстүрдің таразысы. Ал иләһи уахидың негізінде бекітілген діни рәсімдерді әдет-ғұрып деп есептеуге болмайды. Өйткені олар Алла Тағаланың тікелей әмір еткен амалдар. Ал салт-дәстүр адамдардың арасында көп әдеттенгендіктен пайда болған дағдылар.
Салт-дәстүрлер заманына қарай өзгереді. Мысалы, қазақ жерінде кезінде ғұмыр кешкен тайпалардың салтдәстүрлері бөлек болғаны анық. Ал сол халықтардың жалғасы болып саналатын қазақ халқының нанымы мен танымы, салт-санасы Ислам дінімен бірге қабыса дамыды.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі