Қордай: «Әже тағылымы – тәрбие бастауы»

Қордай: «Әже тағылымы – тәрбие бастауы»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәрбиенің адам өмірінде елеулі орын алатындығы мәлім.  Атамыз  қазақ «Бала тәрбиесі бесіктен» деп, тәрбиенің сәби кезден басталатынын білдірген. Сондай-ақ, «Ел болам десең бесігіңді түзе» деп айтуында да ерекше мән жатыр.  Өйткені, болашақтың  қандай  болары  сол  сәбилер мен жастардың тәрбиесіне байланысты. Тәрбие  жақсы  болса, қоғам  да  бейбіт  болары  сөзсіз. Сондықтан  тәрбие  жүйесін  қайта көзбен бір шолып өтудің ешқандай әбестігі жоқ.

Жамбыл облысы, Қордай ауданы,  Қордай ауылы «Рахман» мешітінінің ұстазы Айгул Жолдасқызының ұйымдастыруымен «Әже тағылымы – тәрбие бастауы» атты басқосу  өтті.  Жиынға  Қордай  ауданының ұстаздары мен әжелер алқасы мүшелері қонаққа шақырылды. Жиында тақырыпты ашықтайты уағыздар мен монолог, көріністер көрсетілді. Қазыналы қарттарымыз   аман  болсын,  жас буынға пайдалы насихаты мол болсын!

Аудандық «Қордай»  мешіті  баспасөз  қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: