Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы неке қидырған жас жұбайларға отбасылық кеңес берді. Ерлі-зайыптылардың бір-бірінің алдындағы міндеттері мен байланыстары жайында айтып, бақытты отбасы болуға себеп болатын амал-әрекеттермен бөлісті.
Бас имам сөзінде: «Аллаға шүкір, қазіргі таңда үйленіп, ақ некелерін қиып, шаңырақ көтеріп жатқан жастарымыз көп. Бірақ отбасылық өмірге тиісті дайындық болмағаннан кейін, отбасылық өмірдегі кейбір сынақтарға төзе алмай, ажырасып жатқандары да аз емес. Бақытты отбасын құру ер адамнан да, әйел адамнан да белгілі бір істерді талап етіп, өзара түсіністік пен сабырлықты қажет етеді, - деп, баяндады.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі