Ұлы Абай атамыз «Иман сақтауға - қорқпас жүрек, айнымас буын керек» деген. Өскелең жас ұрпақты тәрбиелеуде ең асыл құрал ол - имандылық. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленіп жатқан әр балаға имандылық тәрбие беру, бүгінгі заман талабына сай өз ұлтын, тілін, әдет- ғұрыпын, салт-санасын тану жолында білім беру басты міндеттердің бірі.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінің ұйымдастыруымен «Имани жаз – 2025» жазғы діни сауат ашу курсы шәкірттері арасында жарыс өтті. Сайыс «Имандылық әліппесі» кітабы бойынша болды. Оны осы курста жаттап , қайталау жасалды. Қыздарымыз 4 топқа бөліп, арнайы дайындалған сұрақтарға жауап берді. Қатысушыларға алғыс айтылып, сыйлықтар берілді. Ұрпақтарымыз Құдайын таныған, еліне қызмет ететін мықты маман болуды Алла нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі



28 Қазан 2025
6 Джумада-авваль 1447

