Тараз қалалық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы Ғалымбек Жапек Шу ауданына арнайы жұмыс сапарымен келіп, «Рақыш ата» мешітінің тыныс-тіршілігімен жақын танысты.
Сапар барысында наиб имам мешіттің асханасы, хатымхана бөлмесі, сондай-ақ ішкі және сыртқы құрылымының жағдайын егжей-тегжейлі зерделеді. Сонымен қатар, жаңа имам тағайындау мәселесіде қаралып, ауылдың жергілікті жамағатымен жүздесіп қайтты.
Бұл сапар – Шу ауданындағы діни ахуалды нығайту мен мешіт қызметін жетілдіруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.