Ақыреттің мәңгі, ал бұл дүниенің өткінші екенін білеміз. Бірақ соған қарамастан, неге мәңгілік өмірге азық жинап, соны көбірек ойламаймыз? Неге уақытша ләззаттар мен жалған рахаттарға алданып жүрміз?
Шын ақиқатқа көз жеткізіп тұрып, амал етпеу – жүректегі ғапылдықтың белгісі. Жамбыл облысы, Қордай ауданы әжелер алқасы мүшелері «Имани жаз» жаздық діни сауат ашу курс шәкірттеріне пайдалы насихат айтып, алғыс білдірді.
Жастық шақ пен бос уақытты тиімді пайдалануға тырысу керектігін тілге тиек етті. Алла бізге сергектік пен хидаят нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі