Әр мағруфтың өзіндік ерекшелігі бар. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) бірінші бағытын хош көрген және өсиет еткен. Жақсылыққа шақыру, жамандықтан жирену – барша адамға міндет.
Адамды жақсылыққа шақырамын деп, оны жамандыққа ұрындырып алмау да керек. Бұл жөнінде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Кім мен айтпаған сөзді айтты десе, ол өзіне тозақтан орын дайындай берсін» деген. Жамбыл облысы, Қордай ауданы Қордай ауылы «Дағдарыс Орталығында» нәзік жандылармен кездесу өтті.
Өмір қиындықтарына тап болған жандармен дидарласқан аудан ұстаздары: Эльмира Аманқожақызы мен Малика Аханқызы. Отырыста орталық мамандарымен және әйелдермен танысып, пайдалы насихаттар айтылып, орталықтағы жандардың сұрақтарына жауап берілді. Баршамыздың отбасымыз аман-есен, ауыз бірлігі мол, берекелі елімізге пайдалы әулеттерден болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі