Қыз – ертеңгі ұрпақты тәрбиелейтін өренің. «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» деп көңілі мен жүрегі таза, әдемілікке, нәзіктікке құмар қыз бала келешекте іргелі үйдің шаңырағын жоғары көтереді емес пе?! Ақыл да анадан дариды, дана да әйелден туады. Сондықтан да қыз тәрбиесін ұрпақ тәрбиесі деп қарау қажет.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен «Имани жаз - 2025ж» жазғы діни сауат ашу курс шәкірттері серуен жасады. Кинотеатр мен емен саябағына барды. Қыздарымызбен өткен уақытымыз өте қызыты, пайдалы және ерекше көңілді болды. Ұрпақтарымыздың салихалы, ақылды, пайдалы болуын Алла нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі