Қордай: Аудан ұстаздары «Сахаба» мешітінде насихат айтты

Қордай: Аудан ұстаздары «Сахаба» мешітінде насихат айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Насихат   айту   Құранда,    Зарият сүресі, 55-аятта   мүминдердің бір қасиеті  ретінде  сипатталған. «Еске   сал, бәлкім, еске салғаның мүминдерге пайдасын тигізер». Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Дін дегеніміз насихат» дейді.

Сахабалар «Кімдер үшін насихат?» деп сұрағанда, «Алла және Елшісі, кітабы, мұсылман басшылар және бүкіл мұсылмандар үшін» деген жауап естіген. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сарыбұлақ ауылы «Сахаба» мешітінде аудан ұстаздары: Эльмира Аманқожақызы, Айгул Жолдасқызы, Жұлдыз Жұмабайқызы және Малика Аханқызы  әйел-қыздар жамағатына өте әсерлі насихат айтты. 

«Құран оқу», «Құранды үйреніп басқаға үйрету», «Құран жаттау және амал ету», «Құран Кәрім құндылығы» тақырыбы толық ашылды.  Баршамыздың Алламен, оның кәләмімен байланысымыз мықты болуын Аллам нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: