«Насихат» сөзі араб тілінде бір нәрсені бөтен нәрселерден ажырату, адалдық таныту және шынайы жақсы сөз бен істер, ақыл айту, кеңес беру, жол сілтеу деген мағыналарды білдіреді. Насихат Ислам дінінің күнделікті тұрмыста қолданылуы, өнегелі ұстанымдарын ұстану, адамгершілік қасиеттерді дәріптеу мақсатында білетіндердің білмейтіндерге үйретуі, еске салып отыру мәніндегі өсиеттер.
Қордай ауданы әжелер алқасы мүшелері «Сахаба» мешіті әйел-қыздар жамағатына «Жастық шақты білім алуға жұмсауға қатысты» даналы насихаттарын айтты. Көпті көрген аналар білімнің пайдасын жақсы ашты. Алланың қалауымен баршамызға пайдалы білім алуымызды және сол біліммен амал етуімізді Алла нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай»мешіті баспасөз қызметі