Тұсау кесу – қазақ халқының балаға деген ақ ниеті мен шынайы тілегінің көрінісі. Бұл жол - жоралғы арқылы ата - аналар баласына алдағы өмірінде адалдықты, нық қадамды, сәттілікті тілеп, оның алғашқы қадамын мерекелейді.
Тұсау кесу дәстүрі тек әдемі салт қана емес, сондай-ақ тәрбиелік мәні терең жол-жоралғы болып табылады. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешіті, әжелер бөлмесінде тұсау кесер жоралғысы жасалды. Аудан бас имамы мен ұстаздардың қатысуымен ұл баланың тұсауы кесілді. Батырдың тұсауын Алмуханбет Айтмуханұлы өзі кесіп, бата беріп, дұға жасады. Бүлдіршінге ақ жол мен екі дүние бақытын Алла нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі