ЖАМБЫЛ: ИМАННЫҢ ҰЯСЫ - ЖҮРЕК

ЖАМБЫЛ: ИМАННЫҢ ҰЯСЫ - ЖҮРЕК

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірлесу-Еңбек ауылы "Бірлесу- Еңбек мешітінің молдасы Сәкен Джолдасбаев,  мешіт жамағатына "Иманның ұясы - жүрегіңіз таза болсын!"  тақырыбында уағыз- насихат айтты.

Жүректің иесі – Алла. Демек, Хақ Тағала өзі сүйген пендесінің дәрежесін арттырып қояды. Басқа адамдардың жүрегіне сол пендесі жайлы жақсы ой салып қояды. Сөйтіп әлгі тақуа пенде айналасындағы адамдардың сүйіспеншілігіне бөленеді. Мұның бәрі Алланың әмірі бойынша жүзеге асады. Өйткені ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Жүректер Рахман Алланың иелігінде» деген.

Жүректі ізгілікке бөлейтін қасиеттердің бірі – кішіпейілділік. Кішіпейіл болған адам дініміздің асыл құндылықтарын мінезі, сөзі, бүкіл болмысы арқылы насихаттай алады. Оның кішіпейіл мінезінен Исламның баға жетпес құндылықтарын көресің. Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ұлық Алла үндемегенді бай, ысырап жасағанды кедей етеді, кішіпейіл болғанды көтереді (мерейін үстем етеді), тәкаппардың сағын сындырады» деген хадисі де көп нәрсені аңғaртып тұр.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: