ЖАМБЫЛ: ІЗГІ ҚОҒАМ - ІЗЕТТІЛІКТЕН БАСТАЛАДЫ

ЖАМБЫЛ: ІЗГІ ҚОҒАМ - ІЗЕТТІЛІКТЕН БАСТАЛАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ащыбұлақ ауылы "Тоқтаберген ата" мешітінің молдасы Әсет Сүлейменов,  Өрнек ауылы "Өрнек" мешітіне зиярат барысында жиналған жамағатқа "Ізгі қоғам - ізеттіліктен басталады" тақырыбында уағыз-насихат айтты. Ізгі қоғам құру сыйластықтан, бауырмалдықтан, кішіпейілділіктен, кешірімнен, жалпы айтқанда ізеттіліктен басталады. Үлкен ата-әжелеріміз бізге өсиет айтқанда «бір-біріңді тіріңде құрметтеңдер!» деп отырушы еді. Өсе келе бұл сөздің мәнін ұға бастадық. Махамбет Өтемісұлы өлеңдерінің бірінде тіріңде сыйласпасаң, өлгенде жылама деген ойды алға тартады. Қазір, өкінішке қарай, адамдардың тірісінде қадіріне жете алмай жатырмыз...

Саққұлақ би: «Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы – халық, таусылмайтыны – арман, ең қымбаттысы – ар сақтау, бәрінен ардақтысы – адал өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі – сыйластық» деген екен. Құдайдың разылығын көздеп, өзгелерге үнемі құрмет көрсетіп, ілтипат білдіріп жүретін тақуа пенде әлбетте сәті келіп, Алла мен адамдардың сый-құрметіне бөленеді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: