Қызылдихан ауылы "Махат ата" мешітінің молдасы Ескендір Чалиев, мешітке келген жамағатқа "Ел ертеңі - жастар" тақырыбында үгіт- насихат жүргізді. Жастық шақ – қайтып келмейтін көктем, ағысы өзгермейтін өзен, аспанда тек бір рет қана жарқ етіп көрінетін жұлдыз.
Осы құнарлы кезеңнің көктемінде жас топыраққа егін егіп үлгермесеңіз, күзде мол өнім күтпей-ақ қойыңыз. Жастық шақтың айқын ерекшелігі – рухани жетілу мен кемелдікті қабылдауға деген дайындық пен қабілет. Жастардың дұрыс көзқараста болып, Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру үшін имандылыққа тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлу қажет.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі