ЖАМБЫЛ: «ДІН МЕН ДӘСТҮР» КІТАБЫНАН ДӘРІС ЖҮРГІЗУ ЖАЛҒАСУДА

ЖАМБЫЛ: «ДІН МЕН ДӘСТҮР» КІТАБЫНАН ДӘРІС ЖҮРГІЗУ ЖАЛҒАСУДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы, Бесағаш ауылындағы «Бесағаш» мешітінің азаншысы Азамат Сабыр Құмтиын ауылындағы «Ботабай» мешітіне зиярат жасап, жергілікті жамағатқа «Дін мен дәстүр» кітабы негізінде тағылымды дәріс жүргізді.

Кездесу барысында ұстаз Ислам дінінің адамзатқа ортақ ақиқаттарды жеткізетін әлемдік дін екендігін, әр ұлт пен ұлыстың шариғатқа қайшы келмейтін өз салт-дәстүрімен өмір сүруіне діннің қарсы емес екенін атап өтті.

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) да араб халқының Исламға дейінгі дәуірдегі шариғатқа сәйкес келетін әдет-ғұрыптарының сақталуына тыйым салмаған. Хадисте: «Өзіңе әрі балаңа ғұрыпқа сай жететін нәрсені ал!» – деп айтылған (Бұхари, Муслим). Бұл жөнінде Имам Нәуәуи өзінің «Сахих Муслим» кітабына берген түсіндірмесінде: «Шариғатта нақты айтылмаған мәселелерде салт-дәстүрге сүйену керек», – деген.

Азамат Сабыр дәріс барысында ұлттық тәрбие мен дінді ұштастырудың маңыздылығына тоқталып, салт-дәстүрді дәріптей отырып, шариғат негізінде өмір сүрудің жолдарын жамағатқа кеңінен түсіндірді.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: