Жамбыл аудандық орталық «Бәйдібек» мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев мешітке келген жамағатқа «Дін мен дәстүр» кітабы негізінде мазмұнды дәріс өткізді.
Дәрістің негізгі мақсаты — тіліміздің қолданыс аясын кеңейту, дініміз бен ділімізді жаңғырту, исламмен біте қайнасқан ұлттық салт-дәстүрлерімізді насихаттау, жастардың бойына төл құндылықтар мен тәлім-тәрбиені сіңіру. Сонымен қатар, имандылықты жырлаған қазақтың ақын-жазушылары, жыраулары мен би-шешендерінің тұлғалық болмысын, баға жетпес мұрасын жамағатқа таныту көзделді.
Наиб имам дәріс барысында шариғаттағы әдет-ғұрыптың орны мен рөлін түсіндіріп, жамағатты салт-дәстүрді құрметтеуге, оны ұлықтауға шақырды. Сондай-ақ, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу қажеттігін атап өтті.
Жамағат тарапынан дәріске қызығушылық жоғары болып, қатысушылар тарапынан көкейде жүрген сұрақтар қойылып, ашық пікір алмасу орын алды.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі


28 Қазан 2025
6 Джумада-авваль 1447

