Тәйәммумда мына нәрселерге көңiл бөлу керек

Тәйәммумда мына нәрселерге көңiл бөлу керек

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1. Дәретсiз кісі шәкiртiне үйрету мақсатында тәйәммум алуды көрсетсе ол дәрет алған болып есептелмейді және намаз оқи алмайды.

2. Тәйәммуммен намаз оқу үшiн тек қана тәйәммумға ниет ету жеткiлiктi емес. Намаз үшiн де ниет ету керек.

3. Бiр топырақтан бiрнеше адам тәйәммум ала алады. Өйткенi тәйәммум алынған топырақ мұстамал (қолданылған) болмайды. Тәйәммумнан кейiн қолдан, беттен төгiлген құм түйіршіктері мұстамал болып есептеледi.

4. Шафии және Ханбали мазһабтарында тәйәммум тек қана топырақпен алынады. Басқа мазһабтарда құрамында топырақ бар таза нәрсемен тәйәммум алынады. Жанып күл болатын немесе ыстыққа ерiп кететiн нәрселер топырақ жынысына жатпайды. Олай болса ағаш, өсiмдiк, темiр, күрiш, сырланған дуал, мыс, алтын, айнамен тәйәммум етiлмейдi. Құммен алуға болады. Әк және гипспен жуылған мәрмәр, цемент, сырланбаған кафель, сырланбаған шыны заттар және лаймен алуға болады. Тек лай табылып, суы жартысынан аз болғанда ғана тәйәммум алынады.

5. Бiр тәйәммуммен түрлi намаздар оқуға болады.

6.Сафари кісі 2 шақырымнан аз қашықтықта су табылуын белгілерінен немесе ақыл-есі дұрыс, балиғат жасына жеткен әдiл мұсылманның хабар беруi арқылы болжамдаса, әр жаққа 200 метрге дейiнгі жерлердi қарастыруы немесе бiреудi жiберуі парыз болады. Болжамы басым болмаса, су iздеуі қажет емес.

7. Бiр кiсi суды сұрастырмай тәйәммум алып, намаз оқыса, сосын қасындағы әдiлеттi бiр кiсiден судың бар екенiн естiсе, қайта дәрет алып намазын басынан оқиды.

8. 2 км. ұзақ жерде су болса, тәйәммум алып намаз оқуға болады.

9. Заттарының арасында су барын ұмытқан кісі қалада немесе ауылда болмаса, тәйәммуммен намаз оқи алады.

10. Су таусылды деп тәйәммуммен намаз оқыған кісі, намаздан кейiн суды көрсе дәрет алып намазын басынан оқиды.

11. Сафаридің (жолаушы) қасындағы адамдардан су сурауы уәжiп. Су бермесе тәйәммуммен намаз оқиды. Серігі суды базар бағасында сатса, ақшасы жеткен жолаушы суды сатып алуы керек. Ақшасы болмаса тәйәммум алады. Егер базар бағасынан асырып сататын болса тәйәммум алуы жаиз болады.

12. Жолаушының шөлді жерде тек ішуге ғана суы болса, тәйәммум алады.

13. Су аз болған кезде бір топ сафаридің ішінде бір жүнiп, бір хайз халiндегi әйел, бір дәретсiз адам және бір өлiк болса, алдымен жүніптің жуынуы керек. Судың егесi басқалардан бұрын жуынады. Иелерi бөлек болған кiсiлер суларын бiр жерге жинаса алдымен өлiкті жуады.

14. Жүнiп адам тәйәммум алған соң дәретi бұзылса қайта жүнiп болмайды. Ал су аз болса тек қана дәрет алады.

15. Жүнiп кiсiнiң денесінің жартысынан көбі жара болса тәйәммум алады. Терiнiң көбi сау, жарасына су тигiзбей шомылуы мүмкін болса ғүсыл алады. Жара болған жерлерге су тигiзбей жуына алмаса тәйәммум алады.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: