يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ اتَّقُواْ اللّهَ وَكُونُواْ مَعَ الصَّادِقِينَ
«Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар және шыншылдармен бірге болыңдар» (Тәубе, 119).
إِنَّ الْمُسْلِمِينَ وَالْمُسْلِمَاتِ وَالْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ وَالْقَانِتِينَ وَالْقَانِتَاتِ وَالصَّادِقِينَ وَالصَّادِقَاتِ وَالصَّابِرِينَ وَالصَّابِرَاتِ وَالْخَاشِعِينَ وَالْخَاشِعَاتِ وَالْمُتَصَدِّقِينَ وَالْمُتَصَدِّقَاتِ وَالصَّائِمِينَ وَالصَّائِمَاتِ وَالْحَافِظِينَ فُرُوجَهُمْ وَالْحَافِظَاتِ وَالذَّاكِرِينَ اللَّهَ كَثِيراً وَالذَّاكِرَاتِ أَعَدَّ اللَّهُ لَهُم مَّغْفِرَةً وَأَجْراً عَظِيماً
«Сөз жоқ, мұсылман ерлер және мұсылман әйелдер, мүмін ерлер және мүмін әйелдер, бой ұсынушы ерлер және бой ұсынушы әйелдер, шыншыл ерлер және шыншыл әйелдер, сабырлы ерлер және және сабырлы әйелдер, ықыласты ерлер және ықыласты әйелдер, садақа беруші ерлер және садақа беруші әйелдер, ораза ұстаушы ерлер және ораза ұстаушы әйелдер, ұятты жерін қорғаушы ерлер және әйелдер, Алланы көп зікір етуші ерлер және әйелдер; Алла бұлар үшін жарылқау және ірі сыйлық әзірледі » (Ахзап, 35).
طَاعَةٌ وَقَوْلٌ مَّعْرُوفٌ فَإِذَا عَزَمَ الْأَمْرُ فَلَوْ صَدَقُوا اللَّهَ لَكَانَ خَيْراً لَّهُمْ
«Бой ұсыну және бұрыс сөз керек еді. Іс бекіген сәтте, егер Аллаға опа қылса, әрине олар үшін қайырлы болар еді» (Мұхаммед, 21).
Пайғамбарымыз (с.а.у) алып келген жол да шыншылдық негізінда салынды.
Сол кезде ең күшті екі патшалықтың бірі - Рим патшалығы, патшасы Геракил болатын. Патшаның құлағына жаңа пайғамбар туралы хабар жетеді. Бір күні Меккеден саудагерлер келгенін есітіп, оларды сарайға шақыртады. Саудагерлер арасында Пайғамбарымызға (с.а.у.) ең жақын туыс болғанымен, ең үлкен дұшпан болып қастасып жүрген Әбу Суфян болатын. Геракил одан сұрамастан бұрын, өтірік айтып, жала жабатын болса, артыңдағылар айтсын, деген мақсатпен Әбу Суфянды алдынғы қатарға қойып, басқаларды оның артына қатар қойды. Қате жауап берсе өлтіреміз,-деп шешті. Сөйтіп: «Пайғамбарлыққа үміткер кісі нені талап етіп отыр?»,-деп сұрағанда, Әбу Суфян:
-Жалғыз Аллаға ғибадат жасау, Оған серік қоспау, ата-бабалар айтқан нәрселерден қалған теріс әдеттерді тастау, намаз оқу, шыншыл болу, тазалық, жақын туыстармен жақсы қарым-қатынас жасауды бұйырды,- деді. Бұл риуаят Пайғамбарымыздың (с.а.у.) шыншыл болғанын дұшпандардың өзі де мойындағанын білдіреді.
Жоғарыдағы аят Алладан қорқу және шыншыл адамдармен бірге болуға бұйырды. Құранда ата-баба, туған-туысқандармен емес, әрбір істе шыншыл адамдармен бірге болып, жақсы қарым-қатынаста болыңдар, деп бұйырды:
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ كُونُواْ قَوَّامِينَ بِالْقِسْطِ شُهَدَاء لِلّهِ وَلَوْ عَلَى أَنفُسِكُمْ أَوِ الْوَالِدَيْنِ وَالأَقْرَبِينَ إِن يَكُنْ غَنِيّاً أَوْ فَقَيراً فَاللّهُ أَوْلَى بِهِمَا فَلاَ تَتَّبِعُواْ الْهَوَى أَن تَعْدِلُواْ وَإِن تَلْوُواْ أَوْ تُعْرِضُواْ فَإِنَّ اللّهَ كَانَ بِمَا تَعْمَلُونَ خَبِيراً
«Әй мүміндер! Әділдікте мықты тұрып, егер өздеріңнің, әке-шешелеріңнің және жақындарыңның зиянына болса да, Алла үшін айғақ болыңдар; бай немесе кедей болса да. Өйткені Алла, екеуіне де тым жақын (Олардың халін біледі). Ендеше әділдік істеуге нәпсіге ермеңдер. Егер тілдеріңді бұрып, шындықты бұрмаласаңдар, шәксіз Алла не істегендеріңді толық білуші» (Ниса, 135).
Шыншыл, әділетті болу жайында мысалдар Ислам тарихында көптеп кездеседі.
Омар ибн Хаттаб Пайғамбарымыздан (с.а.у) риуаят келтіреді:
-Үш кісі сапарға шыққан болатын. Кеш болғанда олар түнеу үшін бір үңгірге кірсе, төбеден үлкен тас түсіп, үңгірдің аузын жауып қояды. Олар Аллаға дұға етіп, ешқандай жеке пайда көздемей, тек Алла ризалығы үшін істеген жақсы амалдарын араға қойып, құтқаруды сұрайды. Олардан бірі қартайған әке-шешесі болғанын, оларды қатты құрметтейтін. Тіпті, әке-шешесін тамақтандырмай тұрып балалары мен малдарына тамақ бермейтіндігін айтты.
-Бір күн жұмыстарым көбейіп үйге кеш қайттым. Мен келгенімде әке-шешем ұйықтап қалған екен. Бастарында тамақ дайындап, оянуларын күтіп отырдым. Олар таңертең оянып тамақтанды. Оған дейін жанұяма тамақтануға рұқсат етпедім. Я Раббым, Сенің ризашылығың үшін әке-шешемді құрметтедім. Егер осы құрметтегенім саған ұнаған болса бізді осы жерден құтқара гөр, - деп жалбарынғанда тас біраз жылжыды.
Бұл кісінің ісі барлық нәрседен ата-ансын жоғары қою ғана емес, Алла ризашылығы үшін ниеттенген ниетінде берік болу, өз мақсатын айнала, қоғамның әсерінен қорғай алуының бір үлгісі. Мұхаммедтің (с.а.у) қияметке дейінгі ұрпағына өз мүддесіне сенімді адам мысалындағы өнеге.
Үңгірдегі екінші адам сөз бастады:
-Нағашы ағамның бой жеткен қызы бар еді. Ол керемет сұлу, ашық мінезді, сүйкімді болғандығынан мен оған қол жеткізуді армандайтынмын. Бір күні мүмкіншілік туып оған 120 динар берем менімен бірге бол деп ұсыныс жасадым. Ол ақшаға мұқтаж еді, келісті. Екеуіміз оңаша қалып, оған жақындай деп едім, ол маған: «Алладан қорықпаймысың!» деді. Я Раббым, Сені араға қойғаны үшін, Сенен қорққанымнан бұл істен бас тарттым. Егер бұл ісім Саған ұнаған болса бізді құтқара гөр,- деп жалбарынғанда тас жылжып, үңгірдің аузы біраз ашылды.
Бұл оқиға өзі мен нәпсі арасындағы күресте күшті сенімі арқылы нәпсісін жеңгеніне тағы бір дәлел.
Үшінші адам да шын ықыласпен істеген оқиғасын айтып береді.
-Қолымда біраз жұмысшылар істеді. Жұмыстары аяқталғаннан соң, олар риза болатындай есептестік. Олардың біреуі ақшасын алмай кеткен болатын. Мен оның ақшасына мал алып көбейтіп отырдым. Көп уақыт өткеннен соң әлгі жұмысшы келіп, ақшасын сұрады. Мен оған сол уақытқа дейін көбейіп кеткен малдарын көрсеткенде, ол сенбей, мазақтап жатыр деп ашуланды. Мән-жайды түсінгенде, қуанып малдарын алдына салып алып кетті. Я Раббым сенің ризашылығың үшін оның ақысына қиянат жасамай, бәрін беріп жібердім. Егер бұл ісім Саған ұнаған болса бізді құтқара гөр,- деп жалбарынғанда тас жылжып, үңгірдің аузы ашылып, үшеуі де есен-аман құтылған екен.
Сахабалардын бірі ұзақ уақыт ауырып ауыруынан жазылып, қатты балық жегісі келеді. Оған балық дайындап әкелгендерінде Пайғамбарымыздың (с.а.у): «Кімде-кім өзі қатты қалаған нәрсесін бауырына берсе, тозақ отынан құтылады», деген хадистері есіне түсіп, балықты пәленшеге апарып берулерін бұйырады. Қасындағылар бұны сен жей бер, оған басқасын апарамыз десе, ол: «Қазірге дейін өзім қалаған нәрсені досыма ұсынып, тозақтан құтылуға мүмкіншілігім болмаған. Мүмкіншілік тұғанда маған кедергі болмаңдар», деген екен. Шынында да нәпсі қалаған нәрсені басқаға ұсыну мүмкіншілігі адам өмірінде бір рет ғана болуы мүмкін. Ал, мұндай мүмкіншілік туғанда нәпсін жеңіп тозақтан құтылу үшін пайдалану кез келген адамның қолынан келе бермейді.
Кааб ибн Маліктің ұлы Абдулла ибн Кааб риуаят келтіреді:
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Тәбук соғысының алдында: «Кім Аллаға және Оның Елшісіне иман келтірген болса, Рамазан айында Мәдина қаласында болсын», деді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) айналадағы мүшрік, екіжүзді дұшпандардың көптігінен соғысқа шығар кезде жасырынып, баратын бағытын білдірмей кететін. Бірақ Мәдиналықтардың негізгі тіршілігі құрма өсіру болғандықтан құрманы теріп алу мерзімі келген болатын. Бір жақтан Тәбук соғысы шығып тұр. Ол жаққа бару бір айға созылады. Пайғамбарымыз (с.а.у) бұл туралы алдын ала жариялады. Алла Тағала Тәбук соғысында сахабаларды үлкен сынақтан өткізді: адамдардың ауыздары ораза, күн ыстық, бір жылдық күн көрістің көзі - құрма пісіп жатыр, ал Пайғамбарымыз (с.а.у) барлық мұсылмандарды соғысқа шақырды. (Мұсылмандыққа таласқандардың көпшілігі бір жылдық емес, бір күндік пайдасынан Алла ризашылығы үшін кешіп жібере алмайды).
Кааб ибн Малік Бадрден басқа соғыстардың барлығында қатысқан, қиын күндерде Пайғамбарымыздың (с.а.у) қасынан бір елі ажырамайтын. Тәбук соғысында біраз адамдар үйіміздің арты қоршалмаған, тастап кете алмаймыз, деп өтірік сылтаумен қалды. Бұл мұнафықтардан бөлек, Кааб ибн Малікпен қоса үш адам өтірік сылтаумен қалды.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) сылтау айтып келгендердің көпшілігінің өтірік айтып тұрғанын білсе де, оларға ләм-мим деп ауыз ашпады.
Алла Тағала дін дұшпандарының жүрегіне қорқыныш ұялатып, мұсылмандрды жеңіске жеткізды. Осылайша Тәбук соғысы болмай қалады. Пайғамбарымыз (с.а.у.) үлкен жеңіспен оралғанда соғыстан қалып қойған сексенге жуық адам келіп себептерін айтты. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оларға дұға етіп, жүректерін Алла білсін, деді.
Кааб ибн Малік Пайғамбарымызға (с.а.у.) өтірік сылтау айтқаныммен, Алланың алдына барғанда құтылмаймын, деп бар шындықты айтуға ниеттенеді.
-Егер мен бөтен кісілердің алдында болғанымда шешендікпен құтылып кеткен болатын едім. Бірақ мен шындықты айтайын, Тәбук соғысына бармауыма менде ешқандай себеп болған жоқ,- деді. Пайғамбарымыз (с.а.у):
-Бұл шынын айтты,- деді,- Алланың үкімі не болса сағанда сол.
Кааб ибн Малік шындықты мойындағаны үшін азап шекті: 50 күн онымен ешкім, тіпті жанұясы да сөйлеспеді, Пайғамбарымыз (с.а.у) оларға Каабтың қызметін істеулеріне де қатаң тиым салды. Кааб ибн Маліктің сөзге шешен, данышпандығын естіген Ғассан патшасы: Бастығыңа ұнамай қалған болсаң, бізге ұнайсың, деп өздеріне шақырды. Кааб: Бұл да маған бір сынақ, - деп шақыру қағазын ошаққа өртеп жіберді. Арадан 50 күн өткенде төмендегі аят түсті.
وَعَلَى الثَّلاَثَةِ الَّذِينَ خُلِّفُواْ حَتَّى إِذَا ضَاقَتْ عَلَيْهِمُ الأَرْضُ بِمَا رَحُبَتْ وَضَاقَتْ عَلَيْهِمْ أَنفُسُهُمْ وَظَنُّواْ أَن لاَّ مَلْجَأَ مِنَ اللّهِ إِلاَّ إِلَيْهِ ثُمَّ تَابَ عَلَيْهِمْ لِيَتُوبُواْ إِنَّ اللّهَ هُوَ التَّوَّابُ الرَّحِيمُ
«Соғыстан қалған үшеуінің де тәубесін қабыл етті. Тіпті оларға жер кең бола тұра тар келген еді. Өздерінен өздері тарылып, Алладан басқа ешбір пана жоқтығын аңғарды. Содан кейі Алла оларға тәубе нәсіп етті. Шынында Ол Алла, тым тәубе қабыл етуші, өте мейірімді» (Тәубе, 118).
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл хабарды жеткізу үшін Каабқа адам жіберді. Келген адам: Туылған кезіңнен осы уақытқа дейін көрмеген құрметке жеттің. Сені құттықтауға осыдан басқа жақсы киімім жоқ,- деп үстіндегі киімін Каабқа кигізіп қояды. Пайғамбарымыздың (с.а.у.) алдына келгенде оның жүзі күннен де көркем болып күтіп алады. Кааб: Я Расулалла, бұл хабар сізден бе, әлде Алладан ба?- деп сұрағанда, «Алладан»,-деп жауап береді.
Шындыққа берік болған адам Алла тарапынан марапатталды.
Пайғамбарымыздың (с.а.у.) қиыншылық көріп жүрген күнінде бірге болған Каабты қорғаштамай, Алланың бұйрығы - шындықты жақтауы, аздан гөрі көпшілікті, бөгдеден гөрі туысқанды қорғаштауға болмайтынын, таңдаған кезде тек шындықты - Алла Тағала ризашылығын таңдауымыз керектігін үйретеді. Сондықтан да Алла Тағала достарыңмен немесе туысқандарыңмен бірге жүруді емес, тек шындықты айтушылармен бірге жүруді бұйырды.
Пайғамбарымыз (с.а.у): «Шыншылдық жақсылыққа жетелейді, ал жақсылық жаннатқа жетелейді. Шыншыл болу адамның өзіне байланысты. Алланың кітабында шыншылдар қатарынан орын алу үшін алдымен сөзінде, қарым-қатынасында, әрбір амалында шыншыл болуға әрекет жасайды. Өтірікші болу да бірте-бірте болады, тіпті Алланың кітабында өтірікшілер қатарынан орын алады. Өтірік жамандыққа жетелейді, ал жамандық тозаққа апарады».
Осы хадис бізге, айтқан әрбір сөзіміз, істеген әрбір ісіміз соңы тозаққа апаратын өтірікке кетіп қалудан сақталуымыз керектігін көрсетеді.
Пайғамбарымыздан (с.а.у.) бірнеше адам шейід болуымызды Алладан сұрап дұға етіңізші, деп сұрағандарында Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Егер бір кісі шейід болуды Алладан шын ниетімен сұрап төсегінде қайтыс болса да, шейід дәрежесін алады», деп айтқан екен.
Егер кімде-кім бір жерде сауап іс орындалғанын естігенде, шын жүрекпен өзі сол сауапқа қатыса алмағанына өкінсе, сол сауап алғандардың қатарында болады. Сондай-ақ, кімде-кім бір күнәлі іске бара алмағанына өкінетін болса, сол күнә оған да жазылады.
Иман келтіргендерді шыншыл адамдармен болуға үгіттеген аятта «шыншыл еркектер» және «шыншыл әйелдер» деген сөйлес жоладырна беру керек. Еркектер мен әйелдерге «шыншыл» сипатының бөлек-бөлек айтылуы, бұл сипат Исламдағы мінез-құлықтың негізгі рәміздерінен екенін көрсетеді.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) жан-дүние тыныштығының кілті - шындық деп көрсетті. Өміріне өтірік араласқан адамның көңілі, пікір-ойы ардайым әуое-сараңда дал болып жүретіндігі күмәнсіз.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Күмәнданған нәрсеңді таста, күмәнсізін ал. Себебі шындық - тыныштық, өтірік - уайым әкеледі», деп ескерткен.